Елордада ауыр дертке қарсы күрескерлер туралы фильмінің жабық көрсетілімі өтіп жатыр

21 Шілде 2022, 19:27
1521
Бөлісу:
Елордада ауыр дертке қарсы күрескерлер туралы фильмінің жабық көрсетілімі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Анашым, мен тірімін» фильмінің жабық көрсетілімі өтіп жатыр.

Қазақстандық  «Анашым, мен тірімін!» фильмі барша аналарға, әсіресе, өз  балаларының ең ауыр дертке қарсы күресу сынағынан  өтіп жатқан жандардың жүрегіндегі шерлі мұң туралы болып отыр.

Фильмнің бас продюсері - Азиз Заиров. Сценарий авторлары Әзиз Зайыров, Мұхамед Мамырбеков. Қоюшы режиссерлері Мұхамед Мамырбеков, Азиз Заиров.

Басты рөлдерде Сұлтанна Шеңгел, Ілияс Аутов, Адель Махмұтова, Асланби Медеулов, Бақытжан Орынбасар ойнайды. 

Бұл қызы лейкемияға шалдыққан жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор әйелдің өмірі жайлы әлеуметтік драма. Анасы бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмайды.

Бауыр еті баласынан айырылған кейіпкер өз қайғысымен алысады, алайда, оның рухани жарасын ештеңе де жаза алмайды. Осылайша, ол өзінің қызымен дос болған, өз қамқорлығындағы балалар үйінен шыққан жетім жеткіншекті асырап алуға бел буады.

Кейіпкердің бұл әрекеті оған өмірінің мәнін қайта табуға көмектеседі. Өмірдің ащы шындығы мен ең құнды адамгершілік қасиеттерін көрсететін әлеуметтік киножоба – ана болудың ұраны. Жалпы адамзатқа тән құндылықтарды қамтыған туынды тек қазақстандық емес, әлемдік көрерменнің де қызығушылығын тудыруы тиіс деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы