Елордада №20 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді

18 Наурыз 2023, 04:31
1357
Бөлісу:
Елордада №20 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді
Фото: tengrinews.kz

Астанада №20 бағдардың қозғалыс сызбасына ішінара өзгеріс енгізіледі, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында, сондай-ақ тұрғындардың №61 мектепке бағдарды жақындату туралы өтініштері бойынша, 18 наурыздан (сенбі) бастап № 20 қалалық бағдарының қозғалыс сызбасына ішінара өзгеріс енгізіледі, бағдардың қозғалыс сызбасына «Конституция көшесі», «Арман» ТД, «Айдана» дүкені» аялдамалары қосылады, – делінген CTS хабарламасында.

Бағдардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен танысуға болады.

Елордада №20 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді
Елордада №20 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді
Өзгелердің жаңалығы