Елорда көшелерін қардан тазалауға 1 600 жұмысшы жұмылдырылды

18 Желтоқсан 2019, 08:45
3324
Бөлісу:
Елорда көшелерін қардан тазалауға 1 600 жұмысшы жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін қардан тазартуға 851 техника бірлігі мен 1 673 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

17 желтоқсаннан 18-іне қараған түні қала көшелерін 455 техника бірлігі мен 136 жол жұмысшысы тазалайтын болады. 

Айта кетсек, 17 желтоқсанда 848 рейс жасалып, 10 175 текше метр қар қала сыртына шығарылды. Жалпы, қыс басталғалы бері 820 563 текше метр (68 380) қар шығарылған. 


Өзгелердің жаңалығы