Елімізге Грузиядан автокөліктер әкелгенде нені ескеру қажет?

24 Сәуір 2022, 14:52
1893
Бөлісу:
Елімізге Грузиядан автокөліктер әкелгенде нені ескеру қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге Грузиядан автокөліктер әкелгенде нені ескеру қажеттігін ескертті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден баждар мен салықтарды төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатқан фактілер анықталып жатыр.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағына тіркеуге қойылған көлік құралдары (Грузиядан келген) анықталып, олардың иелеріне хабарлама берілді, - делінген комитеттің хабарламасында.

Уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана рұқсат беріледі.

Өзгелердің жаңалығы