Еліміздің көтерме және бөлшек дәріхана желісінде дәрі-дәрмек бағасын қалай реттеуге болады?

20 Қыркүйек 2024, 15:03
350
Бөлісу:
Еліміздің көтерме және бөлшек дәріхана желісінде дәрі-дәрмек бағасын қалай реттеуге болады?
Фото: pixabay.com

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № ҚР ДСМ-465 бұйрығымен бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың 6 890 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәріхана ұйымдарында дәрі-дәрмектер бекітілген шекті бағадан төмен бағада сатылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабына сәйкес дәрі-дәрмекті бекітілген шекті бағадан асыра сатқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Сонымен қатар, шекті бағадан асыра сату фактісі анықталған жағдайда, Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің аумақтық департаменттеріне дәлелді құжаттармен (дәрі-дәрмек және сату түбіртегімен) немесе DARIKZ мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға болады.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын бақылау аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағасынан асып кетудің 4 фактісі анықталды, 2,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы