Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

10 Маусым 2019, 14:25
1373
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптикері 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның батыс облыстарынан басқа өңірлерде тоқтаусыз жауған жауын, биіктіктегі барикалық жырамен байланысты. Бұл жыра арқылы Баренц теңізі мен Солтүстік Оралдан тропосфералық салқын және ылғал ауа келуде. 

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте республикаға салқын және ылғал ауаның келуімен айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Бұрынғыдай өңіріміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы, найзағаймен өткінші жаңбыр, республиканың таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. 

"Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3…5°С төмен деңгейде сақталады. Тек батыс және оңтүстік-батыста жоғарғы атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы 30…38°С дейін жоғарылайды", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы