Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды

2 Наурыз 2022, 17:19
4459
Бөлісу:
Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салт -дәстүрге бай қазақ халқының атамұра өнерінің бірегейі – ақындар айтысы. Айтысты  көргенде  қиқулап қол соқпайтын, делебесі қозбайтын  қазақ жоқ. Еліміздің  қазақы аумағы болғандықтан, Жамбыл өңірінде айтыс  өнері  жақсы дамыған. Өңірдің атауы  айтыстың атасы Жамбыл Жабаевтың  есімімен аталуы бекер болмаса керек.

Жамбыл облысы  әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласындағы  «Баласағұн» орталық  концерт залында  «Жамбыл – менің  жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысын  өткізу дәстүрге  айналған. Сол дәстүрлі айтыстың желісі биыл да үзілген жоқ. Биылғы  аталған  айтыс облыс  баспасөзінің  қара шаңырағы, «Aq  joi » газетінің  жарық көргеніне  100 жыл толған  мерейлі тойға да арналды. 
Еліміздің   әр аймағынан және  облыс аумағынан іріктелген 18 айтыскер қатысқан   іс-шараны облыс  әкімінің  орынбасары Дәулет Кәрібек  ашып, барша жыр жүйріктерінің  қадамына  сәттілік  тіледі. 

Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды

 

Біздің аймақ жыр алыбы  Жамбылдың елі, Кененнің  мекені. Айтыстың  атасы ғұмыр кешкен  жер. Қасиетті Әулиеата  топырағы  бүгін  дүбірге бөленіп  жатыр. Еліміздің  әр аймағынан келген  таңдаулы, жүйрік  айтыскерлер елге  рухани нәр сыйлады. Сіздерді  қуанышқа бөлейді  деп сенемін. Еліміздің  әр аймағы аман болып, мерейтойлары таусылмасын, - деді ол. 

Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды

Айтыс басталар алдында жыр алыбы Жамбыл Жабаев және ғсыр жасқа  толған «Aq  joi» газетінің  тарихы мен бүгінгі тынысы жайлы  шолулар  үлкен  экраннан көрсетіліп тұрды. Ал аталған сарайдың кіре беріс бөлігінде 100 жасқа  толған  бас газеттің құрметіне  көрме ұйымдастырылды. Ол көрмені де  қызығып  тамашалап, мәліметке  қаныққан оқырмандар аз болған жоқ.

Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды

Бұл  айтысты Арқаның аялы ақыны, мемлекеттік  «Дарын» сыйлығының  иегері Аманжол Әлтаев жүргізді.  Ал  қазылардың құрамында белгілі ақындар Қайырбек Асанов  (төрағасы), Ғалым Жайлыбай, Бауыржан Халиолла, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, айтыс ақындары мен термешілерінің халықаралық  одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков және облыстық «Aq  joi » газетінің бас редакторы Оралхан  Дәуіт болып, шын  жүйрікті әділ  бағалағанын айта кеткен  жөн. 

Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды

Қазылар алқасының  шешімімен  бас жүлде  жамбылдық Қанат Мырзахан мен оралдық  Бауыржан Шимерденұлына берілді. Бұл жүлдені  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тапсырып, жеңімпаздарға  құрмет  көрсетті. 

Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған айтыс жылда Таразда дәстүрлі  түрде жалғасуда. Жыл басындағы төтенше  жағдайдан  кейін  елдің  рухын  көтерген, жұртқа  шаттық  сыйлаған  үлкен  рухани іс шара болды.  Жамбыл  топырағында айтыстың   өтуі  алдағы  уақытта да жалғасады. Бүгін  өнер көрсеткен  барша  қонақ айтыскерлерге, өзіміздің  өңір  намысын  қорғаған ақындарға алғысымды білдіремін.  Елде тыныштық  болып,  жақсылық  күндерде қауыша берейік, – деді өңір басшысы.

Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды

Жүлделі  бірінші  орын  Жарқын Жұпарханға   берілсе,  екінші  жүлдеге  шымкенттік Біржан Байтуов   лайық  деп танылды. Ал «Aq  joi» газетінің   жүлдесі  үшін тігілген  үш үшінші  орындарды  қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан, қарағандылық Айтбай Жұмағұлов, жамбылдық Есет Досалы иеленді.

Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды
Еліміздің айтыс ақындары Әулиеатада бас қосып, жыр қағыстырды
Өзгелердің жаңалығы