Еліміздің 27 қаласында кәріздік-тазарту ғимараттары жоқ

27 Желтоқсан 2022, 10:54
1307
Бөлісу:
Еліміздің 27 қаласында кәріздік-тазарту ғимараттары жоқ

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда республика бойынша 89 қаланың  27 қаласында кәріздік-тазарту ғимараттары жоқ, 41 қалада тозу деңгейі 60 пайыздан жоғары. Үш қалада жобаларды іске асыру басталды. Олар Сарыағаш, Атырау және Форт-Шевченко қалалары. Келесі жылы Ақтау, Ленгер және Шымкент қалаларында 3 жобаны жүзеге асыруға қаражат қаралған, – деді ол.

Министрдің айтуынша, министрлік қаржыландырудың екі тәсілін әзірледі.

Біріншісі - халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын мемлекеттік кепілдікпен тарту. Аталған тәсіл халық саны 45 мың адамнан асатын 26 ірі қалада кәріздік-тазарту ғимарттарының құрылысына қолданылады. Екіншісі - республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асырылады. Бұл тәсіл халық саны 45 мың адамнан аспайтын 36 шағын қалада жүзеге асатын жобаларға қатысты, – деді Өскенбаев.

Өзгелердің жаңалығы