Еліміздің 2022 жылғы ең үздік он боксшысы анықталды

29 Желтоқсан 2022, 11:30
855
Бөлісу:
Еліміздің 2022 жылғы ең үздік он боксшысы анықталды

Boxrec.com сайты 2022 жылғы үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ондағы бірінші орынды WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин иеленді. WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы екінші орында.

Үздік үштікті соңғы жекпе-жегінде суперорта салмақта IBF North American және WBC Silver екінші дәрежелі чемпиондық белбеулерін жеңіп алған Әли Ахмедов аяқтады.

BoxRec нұсқасы бойынша үздік 10 қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)

2. Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО)

3. Әли Ахмедов (19-1, 14 КО)

4. Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО)

5. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)

6. Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО)

7. Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО)

8. Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО)

9. Қанат Ислам (29-1, 22 КО)

10. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО).

Өзгелердің жаңалығы