Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

10 Қыркүйек 2019, 18:01
1636
Бөлісу:
Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің екі облысында 16 тамызда ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады. 

Ертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал 12 қыркүйек күні түнде қар аралас жауын-шашын болады деп болжануда. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

11 қыркүйекте Өскемен қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп болжануда. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Семей қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Сонымен қатар, 11 қыркүйекте Қызылорда облысында cолтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетпек.

Өзгелердің жаңалығы