Еліміздегі шала туған нәрестелер арасында ретинопатия дерті көбейген

20 Қыркүйек 2023, 15:48
1012
Бөлісу:
Еліміздегі шала туған нәрестелер арасында ретинопатия дерті көбейген
Фото: "Аяла" қоры

Елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына шала туған балалардың көз торын тексеретін жабдықтар табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қажетті офтальмологиялық жабдықтардың толық жиынтығында: АҚШ-та жасалған заманауи ретинальды камера, офтальмоскоп және лазерхирургиялық қондырғы бар.

Еліміздегі шала туған нәрестелер арасында ретинопатия дерті көбейген

Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің Перинаталдық және ғылыми орталықтарын ерте шала туған балалардың ретинопатиясын ерте скринингке арналған жабдықтармен жабдықтау өте нашар жағдайда болды. Ол тек 4 орталықта ғана тұрды. Біздің қордың күш-жігерінің арқасында олармен еліміздің 15 медициналық мекемесі, соның ішінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы жабдықталды. Бұл Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен қамтуды шамамен 12%-ға ұлғайтуға, шала туған балаларда ретинопатияны анықтауды 20%-ға арттыруға және ретинопатия кезінде көз торын лазеркоагуляциялау бойынша оталардың үштен бір бөлігіне көбірек жүргізуге көмектесті, - деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Еліміздегі шала туған нәрестелер арасында ретинопатия дерті көбейген

Енді дәрігерлер шала туған нәрестелердің көз ауруын сапалы және жедел түрде анықтап, емдей алады. Өйткені оларда қажетті офтальмологиялық жабдықтардың толық жиынтығы: ретинальды камера, офтальмоскоп және лазерхирургиялық қондырғы бар.

Бұл аппараттар біздің күнделікті жұмысымызға өте қажет. Мәселен, жаңа өздеріңіз куә болғандай, 28 аптада 850 грамм болып шала туған шақалаққа диагностика жасадық. Нәресте бізге өңірден санавиацияның тікұшағымен жеткізілген болатын. Орталығымызда шұғыл ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Аппараттардың көмегімен оның жағдайын бақылап отырамыз, - деді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының офтальмолог дәрігері Альфия Габайдулина.

Еліміздегі шала туған нәрестелер арасында ретинопатия дерті көбейген

Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын елордада 30 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Оның ішінде 1,5 мыңға жуығын шала туған сәбилер құрайды. Ретинопатияны анықтау үшін ерте туған нәрестелердің скринингі Астананың төрт медициналық орталығында: үш Перинаталдық орталықта және АБҰҒО-да жүргізіледі. Тек осы мекемелерде ғана офтальмолог-дәрігерлер жұмыс істейді.

Олар ең ертеректегі белгілері бойынша осы көздің зұлым ауруын танып, емдей алады.

Еліміздегі шала туған нәрестелер арасында ретинопатия дерті көбейген

Қазақстанда ретинопатия анықталған жаңа туған нәрестелердің жалпы саны былтыр 1523 баланы құраған. Офтальмологтар көз торының лазеркоагуляциясы бойынша 597 балаға ота жасады. Бұл 2021 жылға қарағанда 34%-ға жоғары.

Дәрігерлер бұл дерт әлем бойынша деректермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш екендігін айтуда.

Еліміздегі шала туған нәрестелер арасында ретинопатия дерті көбейген

Көрсеткіштің өсуі біздің елімізде ретинопатияның күрт дамыған түрімен ауыратын балалар санының артқанын көрсетіп отыр.

Айта кетерлігі, елде мерзімінен бұрын туған нәрестелердің 40% жуығы ретинопатиямен – шала туған нәрестелерде көру қабілетінің біржола жоғалуына әкеп соғатын көз ауруымен ауырады. Оларды толық соқырлықтан құтқару үшін мүмкіндігінше ертерек күрделі диагностиканы және одан кейін күрделілігі бұдан төмен болмайтын лазерхирургиялық оталарды жасау қажет.

Өзгелердің жаңалығы