Еліміздегі пойыздарда әйелдер вагоны қалыпты түрде жұмыс істеп тұр

11 Шілде 2022, 19:15
1425
Бөлісу:
Еліміздегі пойыздарда әйелдер вагоны қалыпты түрде жұмыс істеп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали мәлімдеді. 

Айтуынша, ел ішінде қатынайтын пойыздарда әйелдер вагоны қалыпты түрде жұмыс істеп тұр. 

Әйелдер вагоны бізде әлі бар. Оны өткен жылы қолға алған болатынбыз. Күзгі маусымда басқа да бағыттар бойынша қатынайтын әйелдер вагоны жұмысын қайта жандандырады. Қазіргі таңда 7778 Алматы-Маңғыстау және 351352 Алматы-Өскемен бағытындағы пойыздарда әйелдер вагоны бар. Біз бір күні жолаушылар отырғызу басталған уақытта вагондарға арнайы кіріп, бейнеролик түсірдік. Сол кезде билетінің әйелдер вагонына алынғанын білмеген кісілер де кездесті, - деп атап өтті компанияның ресми өкілі.

Мұндай вагон іске қосылғалы нәзік жандылар тарапынан тек жақсы пікірлер естідік деп отыр. 

Әрине, әйел адамдар мұндай вагонның барына қуанатындарын айтады. Жаңағы айтып өткенімдей, барлық бағытта пойыздар қатынап жүр. Күзде жоғарыда аталған екі бағыттан бөлек, тағы 5-6 бағытта әйелдер вагонына билеттер сатыла бастайды, - деді Мәди Мұхамедқали.

Өзгелердің жаңалығы