Еліміздегі екі ірі қордың жұмысы халық мүддесі үшін жұмыс істеп жатыр ма?

25 Қазан 2023, 09:00
1436
Бөлісу:
Еліміздегі екі ірі қордың жұмысы халық мүддесі үшін жұмыс істеп жатыр ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Бүгінгі таңда «Қазақстан халқына» қоры мен «Ұлттық қор – балаларға» бөлінген қыруар қаржы қалай жұмсалып жатыр? Жаңарған Қазақстан арнайы репортажы осы тақырып қарастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңізге мәлім, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) құрылды. Талай адамға үміт сыйлаған жобаға 2 жылдай уақыт болды. Қаржының басым бөлігі денсаулық, әлеуметтік қорғау және білім саласына жұмсалып жатыр. Бастау көп сынға іліккен еді. Қоғам тарапынан сұрақ көп. Қазіргі ахуалы қандай? Қандай істер атқарылды?

Сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтардан бастап іске асырылмақ.

2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, 17 жасқа дейінгі балалар саны 6 325 950 адам. Ұлттық банк пен үкіметтің есептеуінше, балалар 18 жасқа толғанда жеке шотына шамамен 3 мың доллар жинақталатын болады. Бұл қаржы экономикаға байланысты өсуі не төмендеуі мүмкін.

Бала 18 жасқа толған соң қаржыны міндетті түрде жұмсауы керек пе? Жазатайым жағдай болса балаға жинақталған қаржы кімге беріледі? Азаматтық ауысқан жағдайда не болады? Арнайы репортажда осы сұрақтарға жауап беріледі.

Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» репортажы елімізде шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарына арналған болатын.

Өзгелердің жаңалығы