Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су инфрақұрылымын жақсарту мақсатында министірлік ағымдағы жылы 10 өңірде топтық су құбыры нысандарын салу және қайта жаңарту бойынша 31 жобаны іске асыруда. Аталған өңірлер: Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары, - деді министр.
Бұл жоба 38 мың тұрғыны бар 53 елді мекенге ауыз су қосуға мүмкіндік береді.
Аталған 31 жобаны толық іске асыру нәтижесінде 2660 км су құбыры салынады және бұл 1,3 млн халық тұратын 468 елді мекеннің сумен жабдықтау сапасын жақсартады. Сонымен қатар, 53 елді мекенге орталықтандырылған ауыз су жүйесі алғаш рет қосылатын болады, - деді Нұржан Нұржігітов.
Бұған дейін Қазақстанның 10 өңірі ауыз сумен 100 пайыз қамтылғаны жайында айтылды.