Еліміздегі 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

25 Желтоқсан 2023, 12:00
633
Бөлісу:
Еліміздегі 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында - 3 учаске:

1. «Астана-Петропавл» автожолында 18-234 км,  Астана қ.- Щучинск қ. («КАЖсервис» ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
2. «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 16-200 км,  Астана қ.- Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км. 
3. «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.

Қарағанды облысында - 1 учаске:

1. «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1353-1426 км, Ақмола  облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.

Павлодар облысында  - 1 учаске:

  1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 205-259 км, Ақмола облысының шекарасынан- Шідерті ауылына дейін – 54 км.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 621 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы