Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады

13 Шілде 2023, 13:38
1104
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады
Фото: автордан

Алматыда ұйымдастырылған саммитке әлемнің 10 елінен 25 маман келген. Жиын барысында қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында 12 тақырып қозғалып, мамандар пікір алмасты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған іс-шара онкологиялық дертке шалдыққан пациенттерге медициналық кызметті жақсартуға, қатерлі ісікке қарсы күресте үлкен мақсаттарға қол жеткізуге мүкіндік береді. 

Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады

Әлемде және Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандардың саны өсіп келеді. Қазақстанда жыл сайын 39 мыңға жуық адам қатерлі ісіктің құрығына ілінсе, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады. Соңғы мәліметтер бойынша, онкологиялық есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұр. Соның ішінде сүт безі обырымен тіркелген 5 мыңнан астам әйелдің 1 мыңға жуығы көз жұмады. Елімізде сүт безі ісігі өте жақсы емделеді. Дүниежүзінің бекіткен талаптарына сәйкес, қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек терапиясының бірнеше түрі бар: химиотерапия, гормонотерапия, таргетті терапия, иммунотерапия. "Сүт безінің обыры" диагнозы кезінде хирургиялық емдеу мен сәулелік терапия да қолданылады, - дейді ҚазОРҒЗИ хирург-онкологы Назгүл Омарбаева. 

Бұған дейін, саммит АҚШ-та, Чикаго қаласында өткен. Аталмыш шарада айтылған заманауи жаңалықтар мен баяндамалар әлемнің барлық еліне тараған. Бар-жоғы бір ай өткеннен кейін саммит Алматы қаласында ұйымдастырылды. Осылайша, қазақстандық мамандар халықаралық деңгейдегі ғалымдармен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. 

Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады

Айта кетейік, ASCO – онкологияның барлық саласын қамтитын қайырымдылық, білім беру және ғылыми ұйым. Осы шара арқылы онкология мамандары мен дәрігерлердің бірігуіне мүмкіндік туындады. Мамандарымыздың барлығы АҚШ-қа бара алмайтындықтан, тәжірибелі ғалымдарды елімізге шақырдық. Сондай-ақ, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Мұнда 12 тақырып қозғалды. Биыл енгізілген жаңалықтар айтылды. Барлық баяндамаларды аса ынтамен тыңдап, жұмыс жүргізу барысында ерекшеліктерді ойымызға түйдік. Біздің елімізде дүниежүзілік талаптарға сай келетін дәрі-дәрмектер халыққа қолжетімді. Сол себептен қазақстандықтардың да бұл салада көш бастап келе жатқанын байқаймыз, - дейді ҚазОРҒЗИ хирург-онкологы. 

Еске салайық, ASCO басты миссиясы - пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету арқылы қатерлі ісікпен күресу.

Өзгелердің жаңалығы