Елімізде жыл басынан бері 200-ден астам киік қырылып қалған

5 Сәуір 2021, 20:31
1729
Бөлісу:
Елімізде жыл басынан бері 200-ден астам киік қырылып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі 207 киіктің қырылып қалғанын хабарлады.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның айтуынша, бұл жануарлардың өліміне қатысты сауал жиі көтеріле бастаған. Осыған байланысты ол осы жағдайға қатысты түсініктеме бере кетуді жөн көріпті. 

Өкінішке қарай, жыл басынан бері бұл жануарлардың 207 өлімі тіркелді. Осылайша, Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын және Целиноград аудандарында 139 киіктің текесі және 68 ұрғашы киік қырылған. Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, бәрі ауа температурасының төмендігінен болған және биыл тым көп қар жауған, салдарынан жануарларға азық базасына жету қиынға соққан, - деп жазды ол Facebook-те. 

Мұндай жағдайлар туралы инспекция облыстық әкімдікке және аймақтық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хабарлады. 

Ведомствода мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін қазір барлық шараны қабылдап жатыр екен. 

Инспекция басшысы аталған аудандардың әкімдерімен, полиция бөлімдерімен, фермерлермен кездесіп, жағдайды түсіндіріп, киіктерге көмек көрсету шараларын белгілеген. 

Бірнеше күн бойы аудандарда арнайы көлікпен қар тазартылып, табиғи мал азығына жол ашылып, киіктер мекендейтін жерге қосымша шөп төселді. Бұл жағдайда киіктерге көмек көрсету керек. Олар қыстың қытымыр аязы мен қалың қарына төтеп бере алмай, әлсірейді. Бұл жағдайда киіктер браконьерлер үшін де оңай олжа болады. Сондықтан оларға барынша қамқорлық жасау керек, - деп жазды ол. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде қыста әлсіреп қалған жабайы жануарларды анықтау фактілері туралы хабарлауға болатын жедел желі жұмыс істейді - 8 (777) 678-52-52. Сондай-ақ 8 (775) 569-92-21 нөмірі бойынша «Охотзоопром» БҚ-ға жүгінуге болады.
 



Өзгелердің жаңалығы