Елімізде жұмыртқа бағасы қымбаттай ма? - министр жауап берді

21 Ақпан 2024, 15:55
2055
Бөлісу:
Елімізде жұмыртқа бағасы қымбаттай ма? - министр жауап берді
Фото: - архив

Жұмыртқа бағасы қымбаттай ма? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда жұмыртқа бағасы 500 теңгеден жоғары болып отыр. Бұл баға нақты түрде сақталады. Өйткені мамырдан бастап жеке шаруалардан да жұмыртқа келе бастайды. Жалпы, сол кезеңде құс фабрикалардың өнімдері өтпей жатады, сол себепті бірінші мамырдан бастап жарты жыл аралығында шектеу қойып отырмыз. Ол жерде баға көтерілмейді, қажетті қолдау бар. Сондықтан жұмыртқа бағасы көтерілмейді, - дейді Ауыл шаруашылығы министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы