Елімізде жатыр мойны обыры қатерлі ісігінен 2 мыңға жуық әйел көз жұмады

12 Наурыз 2024, 12:14
498
Бөлісу:
Елімізде жатыр мойны обыры қатерлі ісігінен 2 мыңға жуық әйел көз жұмады
Фото: автордан

Қазақстан жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша 5 орында тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ДСМ санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева айтты.

Адам папилломасы вирусы тез таралады және ол адамдарда обыр ауруларын туғызады.

Қазақстан жатыр мойны обыры қатерлі ісігі бойынша 5 орында тұр. Ал әйел адамдар бойынша обыр ауруларының ішінде 2 орында. Жатыр мойны обыры жыл сайын елімізде 1900-ге жуық адамда анықталып отыр. Оның ішінде жылына 600 адам осы аурудан қайтыс болады. Бұл күніне 2 адамды жоғалтамыз деген сөз. Жатыр мойны обырының анықталу жасы - 40 жасты құрап отыр, - дейді ол.

Сондай-ақ маман осыған дейінгі мәліметтерге сүйенсек, жылына жатыр мойын обырымен ауыратын науқастар саны 1600-ден төмен болмағанын атап өтті. Сондықтан адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізу маңызды екенін айтады.

Дүниежүзілік статистикалық мәліметтерге сүйенсек жылына 600 мың әйел қатерлі ісікпен ауырса, 340 мың адам қайтыс болады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамы осы жатыр мойны қатерлі ісігімен күресуге шақырып отыр. Тәжірибелі дәрігер ретінде менде күніне бірнеше науқасты осы диагноз бойынша қабылдаймын. Сондық адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаны алуға шақырамын, - деп кеңес берді онкогинеколог дәрігер Толқын Садықова.

Елімізде жатыр мойны обыры қатерлі ісігінен 2 мыңға жуық әйел көз жұмады

Адам папилломасы вирусы – бүкіл әлемде өте кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Бүгінде вирустың 200-ге жуық түрі белгілі. Олардың кем дегенде 13-і обырдың дамуына әкеледі. Жоғары қауіпті 16, 18 АПВ түрлері негізінен жатыр мойны обырын тудырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде 11 жастан асқан қыздарға вакцина салынады.

Өзгелердің жаңалығы