Елімізде соңғы екі жылда 4 мың кәсіп жаңартылды

14 Шілде 2023, 16:16
597
Бөлісу:
Елімізде соңғы екі жылда 4 мың кәсіп жаңартылды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Кәсіптік біліктілік жүйесін дамыту туралы» брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта елімізде «Кәсіптік біліктілік туралы» Заң аясында ұлттық біліктілікті дамытудың элементтерін енгізу қарастырылып жатыр. Бұл жүйе 2025 жылға дейін біртіндеп жүзеге асырылады. Былтырдан бері елімізде 1,5 мың кәсіпке жұмыс берушілердің талаптары бойынша біліктілік жүйесін дамытып, стандарттарын әзірлеген.

Бұл жұмыс барлық мемлекеттік органдармен бірлесе атқарылды. Биыл 478 кәсіптік стандарт әзірленбек. Ол еңбек нарығындағы жалпы 3 мың кәсіпті қамтиды. Жалпы Қазақстанда 2 жылда 4 мыңға жуық кәсіп қайта жаңартылды. Заң бұл жұмысты одан әрі қарқынды іске асыруға мүмкіндік береді, - деді ҰБЖ дамыту жөніндегі жобалық офисінің басшысы Ерасыл Жұманбаев.

Бұған дейін «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жұмысқа орналасуды жеңілдететіні туралы айтылған еді.

Өзгелердің жаңалығы