Елімізде реактивтік огнеметтермен алғаш рет жауынгерлік атыс өтті
26 Тамыз 2019, 10:56 1173

Елімізде реактивтік огнеметтермен алғаш рет жауынгерлік атыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Атырау облысындағы «Каработан» оқу полигонында алғаш рет РПО-А «Шмель» огнеметтерінен атыстар өтті, деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі .
 

2019 жылдың оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес «Каработан» оқу полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының огнеметтік бөлімшелері жауынгерлік атыстарын жүргізді. Огнеметшілер атыс позициясын дайындау және орналасуы бойынша, олардың инженерлік қамсыздануы мен жасыру бойынша және РПО-А «Шмель» реактивті жаяу әскері огнеметтерінің атысын басқару бойынша сұрақтарды пысықтады.

"Атыс барысында огнеметші-жауынгерлер РПО-А «Шмель» огнеметтерін қолдану барысындағы қауіпсіздік ережелерін меңгерді. Атысқа дайындалу және оларды жүргізу бойынша, нысананы таңдау, көздеу және ілестіріп жүргізу бойынша машықтылықтарын пысықтады. Күндізгі және түнгі уақытта, топпен және жалғыз әрекет ету алгоритімдерін орындады", - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы полковник Әділ Махамбетов.

Огнеметтің өзі, әскеріміздегі жеке қарудың ең қуатты түрлерінің бірі болып табылады. Ол қарсыластың жасырын атыс орындарын, жеңіл сауытты техниканы, ашық жердегі және бекіністегі жеке құрамның көзін жоюға арналған. Бұл қару қажет аймақта жоғары қысым мен жоғары температуралық зонаны жасау принципімен жұмыс істейді. 

"Оның екінші атауы «Қалталы артиллерия», себебі ол өзінің фугастық немесе жою әрекеті арқылы 122 мм гаубицалық снарядпен бір қатарда тұр. Бірақ оның салмағы болса, небары 11 кг. Бұл факторлар осы қаруды өте маңызды етіп тұр, өйткені артиллерия мен авиацияның қолданылуы қауіпті таулы, метеожағдайы шектеулі немесе тұрғылықты аймақтарда РПО-А «Шмель» өз жұмысын мінсіз және аз зардаппен орындай алады", - делінген таратылған ақпаратта.


Фото: дереккөз
Загрузка...