Елімізде Қазақстан-Қытай дәстүрлі медицина орталығы салынады

27 Қыркүйек 2022, 17:16
2810
Бөлісу:
Елімізде Қазақстан-Қытай дәстүрлі медицина орталығы салынады

Сиань қаласында өткен Қытай және Орталық Азия мемлекеттері халқының достық форумында «Сиань декларациясы» қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шэньси провинциясының Сиань қаласында Қытай және Орталық Азия мемлекеттері халықтарының достық форумы өтті. Қытай мен Орталық Азия елдерінің басшылары, дипломатиялық өкілдер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, достық ұйымдардың, сараптамалық орталықтардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ тиісті салалардың өкілдері, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының өкілдері жергілікті ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, дәстүрлі медицина және денсаулық сақтау, археология және мәдени мұраны қорғау, білім беру және жастар алмасу мәселелері қаралды.  

Тараптар осы форумды өткізу Қытай мен Орталық Азия халықтары арасындағы өзара түсіністікке, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ілгерілетуге ықпал етеді деп санайды.  Форумның нәтижелерін бекіту мақсатында тараптар мәлімдеме жасады.

1. Әрқашан «өзара құрмет, тату көршілік, өзара көмек және өзара тиімділік»қағидаттарын ұстану, ынтымақтастық пен өзара сенімді тұрақты нығайту, өзара байланысты жақсарту, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету, ортақ даму мен жалпы өркендеуге қол жеткізу және Қытай мен Орталық Азияның біртұтас тағдырының неғұрлым тығыз қоғамдастығын құруға жәрдемдесу.

2. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған бейнесаммитте алға қойған «Таяудағы 5-10 жылда өзара қарым-қатынастарды арттыруға ұмтылу» бастамасын белсенді түрде жүзеге асыру.

3. Бірегей ерекшеліктері бар заманауи ауыл шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу, заманауи ауыл шаруашылығы ғылымы мен техникасын инновациялау және көрсету үшін платформа құру, ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеулері, өнеркәсіптік жобалар, кадрларды оқыту және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты тереңдету, артықшылықтардың өзара толықтырылуын күшейту, даму тәжірибесімен бөлісу және «Бір белдеу, бір жол» неғұрлым терең және прагматикалық құрылысын ілгерілету», барлық елдерде кедейлік деңгейін төмендету процесін жеделдету.

4. Жібек жолындағы бірлескен археологиялық зерттеулер мен мәдени өзара әрекеттесу үшін ашық, бірлескен, өзара тиімді платформа құру, Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы археологиялық және мәдени мұра бойынша бірлескен зерттеу жұмыстарын кеңейту және Шэньси провинциясының арнайы құрылыс салуға қолдау көрсету, археология және Жібек жолының мәдени мұрасын қорғау саласындағы мамандарды дайындау базасын салуға қолдау көрсету, Жібек жолы өркениеттері диалогы форумын дайындау және Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы мәдени алмасуды ынталандыру.

5. Білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық көзқарасы мен халықаралық коммуникативті дағдылары бар жоғары білікті кадрларды тәрбиелеу. Шэньси провинциясының Сиань қаласы 2022 жылдан бастап үш жыл бойы Орталық Азия мемлекеттерінен келген студенттерге мемлекеттік стипендияға жыл сайын 150 квота бөледі. Қытай мен Орталық Азия жастарының өнер фестиваліне, Қытай-Орталық Азия жас көшбасшыларының «Болашаққа көпір» лагеріне, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы достықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі үшін Жібек жолын қалыптастыру саласында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу жөніндегі семинарға белсенді қатысу.

6. Дәстүрлі медицина саласындағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты дамытып, эпидемияға қарсы халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуді жалғастыру. Дәстүрлі медицина мәселелері бойынша академиялық алмасуларды, технологиялық ынтымақтастықты, дәрілік заттар мен препараттарды бірлесіп пайдалануды, халықтардың денсаулығын сақтауды және Шэньси провинциясында Қытай-Қазақстан Дәстүрлі медицина орталығын салу негізінде қытай мен Орталық Азия елдері арасында Денсаулық сақтау саласында бірыңғай тағдыр қауымдастығын құруды бірлесіп ілгерілету.

Еске сала кетейік, форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы