Елімізде қанша мәдениет орны бар

18 Сәуір 2024, 20:32
311
Бөлісу:
Елімізде  қанша мәдениет орны бар
Фото: kazgazeta.kz

Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша мәдениет орны бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы мәдениет орындары: 

3 924 – қоғамдық кітапхана;

 3 069 – мәдени-демалыс ұйымдары;

275 – мұражай; 

230 – ойын-сауық және демалыс саябағы;

113 – кинотеатр; 

74 – театр; 

43 – концерт ұйымы;

11 – хайуанаттар бағы;

3 – цирк.

2022 жылмен салыстырғанда келушілердің ең көп өсуі концерт ұйымдарында – 23,3%, киносеанстарға бару 23,2%, циркке бару 11,9%, театрға бару 10,2%, хайуанаттар бағына бару 3,9% өскен. 

Киносеанстарға барушылар саны Республикалық маңызы бар қалаларда ең көп: Алматы – 7 111,6 мың бару, Астана – 4346,7 мың бару, Шымкент – 1721,4 мың бару. 

Мұражайларға барушылар саны Түркістан облысы (1285,8 мың адам) мен Астана қаласында (890,4 мың адам) ең көп болған.

Өзгелердің жаңалығы