Елімізде Президенттік олимпиаданың екінші кезеңі басталды

23 Қазан 2023, 17:33
703
Бөлісу:
Елімізде Президенттік олимпиаданың екінші кезеңі басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Өңірлерде Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші  кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іріктеу кезеңіне білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарынан 446 оқушы қатысты. Олимпиада шарты негізінде әрбір қатысушы төрт пән бойынша берілген тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология. 

Олимпиаданың негізгі мақсаты – орта білім беру ұйымдары оқушыларының ішінен математика, физика, химия, биология пәндері бойынша дарынды балаларды анықтау, олардың интеллектуалды дамуы мен кәсіби бағдар алуы үшін жағдай жасау, оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, жеке тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына ықпал ету. 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сондай-ақ, олар еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуда басым құқыққа ие болады.

 Айта кету керек, Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі осы жылдың 3 қазанында өтті, оған 2933 оқушы қатысты. 

Олимпиаданың республикалық кезеңі биылғы қараша айының екінші онкүндігіне жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы