Елімізде полицейлердің жұмыс істеу тәртібі өзгереді

7 Тамыз 2023, 08:08
15597
Бөлісу:
Елімізде полицейлердің жұмыс істеу тәртібі өзгереді
Фото: baq.kz

Қазақстандық полицейлер сервистік модельге көшіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жаңашылдық тәртіп сақшыларының жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады, - дейді Ішкі істер министрлігі.

Енді инспекторлар халықпен, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болып, өз аумағындағы тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін жіті зерттеулері қажет. Сервистік модель бойынша жұмыс істеу аясында материалдық-техникалық база да жаңартылатын болады. Яғни, арнайы техникалар мен заманауи қондырғыларды сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, халықты қабылдауға ыңғайлы болатын учаскелік пункттер де ашылады. Осындай жобалардың бірі пилоттық режимде Павлодар қаласында орнатылған.

Мысалға алсақ, учаскелік полицейдің әкімшілік аумағында бір проблема бар. Яғни, қараңғы жер, жарық жоқ. Ол – проблема. Ол жерде қылмыс болуы мүмкін, ұрлық болуы мүмкін, зорлық болуы мүмкін деген сияқты. Сол проблеманы қалай шешуіміз керек? Ол жерді жарықтандырып, ол жерге бейнекамера орнату керек. Сол проблеманы бірге шешу керек. Сол жердегі халықпен, қоғаммен және мемлекеттік ұйымдармен бірлесе отырып, - дейді, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.

Өзгелердің жаңалығы