Елімізде Омикрон ВА.5 штамы көп таралып жатыр - министр

15 Шілде 2022, 12:39
2233
Бөлісу:
Елімізде Омикрон ВА.5 штамы көп таралып жатыр - министр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Айтуынша, соңғы аптада әлемнің 108 елінде сырқаттанудың өсуі байқалып отыр. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Америка мен Африка өңірлерін санамағанда, соңғы аптада әлемдегі сырқаттану 3%-ға өсті. Ал қалған 4 өңірде сырқаттану 4, 5, 25 және 28%-ға өскені байқалады. Cоңғы аптада әлемнің 108 елінде сырқаттанудың өсуі байқалаоның ішінде Жапонияда соңғы аптада сырқаттану 112%-ға (169 мың жағдайдан 360 мың жағдайға дейін), Арменияда 103%-ға (174 жағдайдан 354 жағдайға дейін), Венгрияда 72%-ға (4663 жағдайдан 8036 жағдайға дейін), Қытайда 28%- ға (571 жағдайдан 733 жағдайға дейін), Ресейде12%-ға (21 мың жағдайдан 23 мың жағдайға дейін) өскен, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр коронавирустың Омикрон штамы әлі де өршіп тұрғанын алға тартты. 

COVID-19 Омикрон штамы барлық әлемдегі негізгі вирус болып өршуді жалғастыруда. Оның үлесі зерттелген үлгілердің 92%-ын құрайды. Омикрон штамының арасында BA.5 және BA.4 үлесі артуда, соның ішінде вирустың  BA.5 түрі 83 елде анықталды және бір аптада  барлық вирустың түрлерімен салыстырғанда вирустың BA.5 түрінің  үлесі  37%-дан 52%-ға дейін өскен. Қазақстанда маусым айында жүргізілген  зерттеу  қорытындысы бойынша анықталғаны, үлгілердің 70% Омикрон ВА.5 нұсқасына жатады, қалған 30%-ы Стелс Омикрон нұсқасына жатады, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы