Елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеді — Ажар Ғиният

22 Маусым 2022, 15:31
1411
Бөлісу:
Елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеді — Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда халық арасындағы өлім-жітім деңгейі біршама төмендеген.

Халықтың денсаулығының жақсарып келе жатқандығы — экономиканың тұрақталғанының белгісі. Екі жыл бойы пандемиямен күресіп, халықтың денсаулығы нашарлап, өлім-жітімнің  көбейгенін білесіздер. Төрт айдың қорытындысын саралай отырып, екі жылдың ішінде бірінші рет былтырғыға қарағанда өлім-жітім деңгейі 5%-ға азайғанын айтып, қуанышыммен бөліскім келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр республикадағы эпидемиологиялық жағдайға да тоқталып өтті.

Әр ай сайын халық денсаулығының көрсеткішін қарап, сараптап отырамыз. Бұл көрсеткіштер тек денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына емес,  елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты екені белгілі. Сондықтан эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Еліміз аяқтан тұрып, экономикалық тұрғыдан тұрақтануына азаматтарымыздың денсаулығының жақсарып келе жатқандығы мысал бола алады, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы