Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заманауи құқықтық базасы қаланды – Дүйсенова

23 Қараша 2021, 16:42
1405
Бөлісу:
Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заманауи құқықтық базасы қаланды – Дүйсенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова айтты.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет 1991 жылы елде мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы заң қабылданған болатын.

Заң аясында азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасау басты міндет болып белгіленді. 2005 жылы 13 сәуірде Қазақстанда «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы қабылданып, мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік қолдауды күшейтуге, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған саясатты жетілдіруде табыстарға қол жеткіздік, - деп түсіндірді Анархан Дүйсенова.

Оның сөзінше, заңмен елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы құқықтық базасы қаланды.

2015 жылы елде мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция ратификацияланды. Конвенцияны ратификациялау бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында елімізде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жоспары кезең-кезеңімен іске асып келеді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы