«Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы медиатренер, редактор Назгүл Қожабек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сұхбатта қонағымыз «білім, ғылым саласындағы қазақша контент қазақша емес» деп мәлімдеді. Таза қазақша мен орысша-қазақшаның ара жігін ажыратып берді. Яғни калькаланған қазақ тілінің кесірі неде екенін түсіндірді.
Бір 5-10 жылдан кейін балалар «Абай жолын» ұқпайды. Оқиды да, бұл не сөздер, сөздер неге бұлай байланысқан? Бұл не сөйлем деп, - деді Назгүл Қожабек.
Сонымен қатар, «елімізде мемлекеттік тіл деген «для галочки» деді қонағымыз. Оның айтуынша, қағаз жүзінде мемлекеттік қызметкерлердің барлығы қазақша біледі, ал іс жүзінде қалай?
Қонағымыз «қазақ тіліне енді қызығушылық танытып, бет бұрып жатқандарды сауатты сөйле деп жоғалтып алмаймыз ба» деген сауалға жауап берді. Қазақ тілінің негізгі екі мәселесін атап, шешу жолдарын да айтып берді.
«Ұлттық идеология және қазақ тілі» тақырыбындағы сұхбатта терминологияны аудару, латын қаріпіне көшу сияқты тақырыптар да қозғалды. Жалпы сұхбатта қазақ тілінің төңірегіндегі ең өзекті деген мәселелердің барлығын қамтуға тырыстық. Оны тамашалау үшін сілтемеге өтуіңізді сұраймыз.