Елімізде LinkedIn-ді белсенді пайдаланатын қолданушылар қатары көп - министр

27 Қаңтар 2023, 11:45
731
Бөлісу:
Елімізде LinkedIn-ді белсенді пайдаланатын қолданушылар қатары көп - министр

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

LinkedIn компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америка елдері бойынша сату бөлімінің басшысы Шеймус Клэнсимен кездестім.

Бүгінде LinkedIn желісі кәсіби, іскер адамдарды біріктіретін виртуалды қауымдастық, түрлі салаларды қамтитын жаһандық үлкен алаңдардың бірі. Оның әлем бойынша 750 миллион қолданушысы бар, 25 тілде қолжетімді.

LinkedIn компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америка елдері бойынша сату бөлімінің басшысы Шеймус Клэнсимен кездестім, - деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Бүгінде LinkedIn желісі кәсіпқой, іскер адамдарды біріктіретін, түрлі салаларды қамтитын жаһандық үлкен алаңдардың бірі. Оның әлем бойынша 750 миллион қолданушысы бар. 

Елімізде LinkedIn-ді белсенді пайдаланатын қолданушылар қатары көп - министр

Елімізде Линкединді белсенді пайдаланатын қолданушылар қатары көп. Кездесуде Шеймус Клэнси мырзамен өзара түсіністік және тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Өз кезегінде ол бұл пікір алмасудың Орталық Азия бойынша жоғары деңгейдегі алғашқы кездесу екенін атап өтті.

Линкедин өкілі әңгіме барысында әлемдік бірегей желінің бағыт-бағдары мен жоба-жоспарлары жөнінде кеңірек тоқталып, наурыз айында елімізге арнайы келетінін жеткізді. 

Сонымен қатар бірлесе жұмыс істеп, семинар, треннингтер өткізуге уағдаластық, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы