Елімізде коронавирусты емдеуде жаңа препараттар қолданылады – Ажар Ғиният

12 Қаңтар 2022, 10:12
1905
Бөлісу:
Елімізде коронавирусты емдеуде  жаңа препараттар қолданылады – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирустық инфекциямен күрес жүйелі түрде жалғасады. 

Біріншіден, КВИ бар пациенттерге тиімді медициналық көмек көрсету мақсатында уақытылы диагностикалауды және амбулаториялық емдеуді қамтамасыз ете отырып, МСАК ұйымдарының жұмысы қарқынды түрде жалғасын табады. Екіншіден, бүгінгі таңда 14 мыңнан астам инфекциялық төсек-орын көмек көрсетуде. Елімізде қосымша 50 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын ашуға дайындық бар, - деп атап өтті ведомствоның жаңа басшысы.

Сонымен қатар ол коронавирусты емдеудегі жаңашылдықтарға тоқталды. 

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамаларына жаңа инновациялық препараттар енгізіледі. Сонымен қатар халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасады. Ол үшін шамамен 6,5 млн доза вакцинаны қосымша сатып алу бойынша шаралар қабылдануда, - деді еліміздің бас дәрігері.

 

Өзгелердің жаңалығы