Елімізде көлік саласына қатысты қылмыс азайған

5 Наурыз 2021, 21:15
1294
Бөлісу:
Елімізде көлік саласына қатысты қылмыс азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев халықпен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесуге департаменттің Facbook және Instagram желісіндегі ресми аккаунттары арқылы 500 мыңнан астам желі пайдаланушысы қатысты. Халыққа есеп беру кездесуі кезінде О.Бекеев көлік полицейлерінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындыларына тоқталды. Өз сөзінде ол ел Президенті Қ.Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған басым бағыттарға ерекше назар аударды. Соның ішінде, құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және полицияның халықпен өзара іс-қимыл жасауының тиімділігі  туралы атап өтті.

Оның айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда құқық бұзушылы саны 30% азайған. Өзгенің мүлкін ұрлау 50,7%, бұзақылық 43% , алаяқтық 14% төмендеген. Қылмыстарды жалпы ашу 87% құраған. 

Полиция жұмысын бағалаудың негізгі критериі қоғамның пікірі екені жасырын емес. Бүгінгі күні көлік полициясының мейлінше ақпараттық ашық болуына  департаменттің интернет-қорлары көп мүмкіндік береді. Олар азаматтарға көліктегі ІІО жұмысы туралы ақпарат алуға көмектеседі. Сонымен қатар Фейсбук, Инстаграмм, ВКонтакте және басқа да әлеуметтік желілер жұмыс істейді. Осы желілерге азаматтар өздерінің электрондық нұсқадағы хаттары мен ұсыныстарын жібереді. Біздің азаматтар «сенім телефоны» арқылы да хабарласады,- деді Оңал Бекеев. 

Кездесу соңында желі пайдаланушылары көліктегі ПД бастығына өздерінің сұрақтарын қойды. Олар негізінен, жолаушылар пойыздарына азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кадр мәселесіне және тағы басқа мәселелерге қатысты болды.

Өз кезегінде О.Бекеев қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін рахметін айтып, тікелей эфир өткеннен кейін қатысушылар қойған барлық сұрақтардың пысықталатынын, сонымен қатар жауаптар департамент сайтына қойылатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы