Елімізде көктемгі егіс науқанына дайындық басталды

22 Ақпан 2024, 04:49
417
Бөлісу:
Елімізде көктемгі егіс науқанына дайындық басталды
Фото: baq.kz

Елімізде көктемгі егіс науқанына дайындық басталды. Бүгінгі күні техника 80 пайыз дайын тұр. Ал тұқымның 92 пайыздан жоғары қоры әзірленген. Наурыз айының соңына дейін дайындық жұмыстары толығымен аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдемесіне сәйкес.

Жалпы былтырғы жыл шаруалар үшін оңай болмады. Жаз айларындағы қуаншылықтың арты күзде толассыз жауған жауынға ұласты. Салдарынан көбі көктемде еккен егіндерін жинай алмай қалды. Астықтың сапасы түсіп, субсидиялау жүйесінің істен шықты.

Субсидияның көлемі былтырғы жылы 420 миллиард болатын. Шынында шаруашылықтар жұмыс істеп, біраз мал алып, сүт те өндірді. Сондықтан біз қосымша 90 миллиард сұраған болатынбыз. Соның 64 миллиарды берілді былтыр. Қалғаны бидайды тура сатып алуға кетті. Қазір бюджетте 430 миллиард бар. Соны наурыз айынан бастап алмаған адамдар бірінші соны алады, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Өзгелердің жаңалығы