Елімізде Азаматтық авиация күні пайда болуы мүмкін

23 Маусым 2023, 17:47
1105
Бөлісу:
Елімізде Азаматтық авиация күні пайда болуы мүмкін
Фото: ҚР Азаматтық авиация комитеті

1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні болып белгіленуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.

Аталған жобаға сәйкес мерекелік күндердің тізбесіне жаңа атаулы күн - "1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация" күні қосылады. 

Жобаға сәйкес қоғамдық талқылаулар "Ашық НҚА" порталында 2023 жылғы 11 шілдеге дейін жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы