Елімізде автомобиль өндірісі артады

29 Сәуір 2024, 10:40
328
Бөлісу:
Елімізде автомобиль өндірісі артады
Фото: Үкімет

Автомобиль жасауда автокөлік құралдарын құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне кезең-кезеңімен көшу жөнінде шаралар қабылдануда. Бұл туралы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Автокөлік өндірушілерінің алдында шағын торапты құрастыру (CKD) үлесін 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінен 50%-ға дейін ұлғайту бойынша міндеттемелер тұр. Осы жылдың өзінде біз шамамен 20%-ға, келесі жылы – 30%-ға, 2026 жылы - 40%-ға қол жеткізуге тиіспіз, - деді министр.

Шарлапаевтың айтуынша, Қостанай және Алматы қалаларындағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталуда.

Орындықтар өндірісі бар, Қытай автомобильдерін шығаратын көп брендті зауыт салу жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, көлік құралдары үшін пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер өндіретін кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарлануда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі операциялар Қазақстан аумағында өндірілетін әрбір автомобиль брендінде игерілетін болады. 2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен шамамен 200 мың бірлік автомобиль шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, өндірілген автомобильдер желісі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Jetour (2024 ж.) маркасымен толықтырылып, чехиялық «Skoda» компаниясымен келіссөздер жүргізілуде, - дейді ведомство басшысы.

Ол «Astana Motors» компаниялар тобы 2025 жылға дейін іске қосылуы жоспарланған өндірістік желіні ұйымдастыру үшін «Changan», «Chery», «Haval» секілді қытайлық танымал брендтерді тартқанын айтады.

Өзгелердің жаңалығы