Елімізде Араб елдерінің экономикалық форумы өтеді

12 Қыркүйек 2022, 15:28
1119
Бөлісу:
Елімізде Араб елдерінің экономикалық форумы өтеді

Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қыркүйектің басында Орталық Азия - Парсы шығанағы Араб елдерінің ынтымақтастық кеңес елдері Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барған.

2023 жылы Өзбекстанда келесі кездесу  мен Қазақстанда Орталық Азия-Парсы шығанағындағы Араб елдерінің ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің 1-ші экономикалық форумын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді,- деді Смадияров. 

Ресми өкіл атағандай, шара барысында министр бірқатар отырысқа қатысқан. 

Жұмыс сапары аясында Мұхтар Тілеуберді бірқатар елдің басшылығымен екіжақты кездесулер өткізген,-деді ол.

Былтырғы кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. 

Қорытындысында екі өңір арасында сыртқы істер министрлері деңгейінде "Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" жаңа ынтымақтастық диалогы форматын құруға өзара мүдделілік білдірілді.

Өзгелердің жаңалығы