Елімізде 705 мың мүгедек бар – министрлік

2 Желтоқсан 2020, 10:17
2360
Бөлісу:
Елімізде 705 мың мүгедек бар – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» тақырыбы бойынша өткен онлайн отырыс кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады.

Қазақстанда 705 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 405 мыңы еңбекке қабілетті жастар, 181 мыңы зейнеткерлік жаста және 94 мыңы балалар. Биыл әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз етуге 448 млрд теңге бағытталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ке артық. Еліміздегі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда. Ол 7 бағытты қамтитын 64 іс-шарадан тұрады. Яғни мүгедектің алдын алу, білімге қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері, - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, биыл алғаш рет елімізде мүгедектерге арналған электр жетегі бар отандық арбаларды шығару бойынша жоба іске қосылды. 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 300 арба шығарылып, 817-і өңірлерге жеткізілді. Сонымен қатар, биыл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін aleumet.egov.kz порталы іске қосылды. Бұл цифрлық жоба оңалту құралдары мен қызметтерді өз бетінше таңдауға, оларды алу мерзімі 6 айдан 15 күнге дейін қысқарту, бизнес процестердің ашықтығы, делдалдық қызметтерді жою, бағаның біріздендірілуі және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына мүмкіндік береді, - деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы