Елімізде 3,5 мың ауылдың әлеуеті жоғары

25 Шілде 2023, 10:29
874
Бөлісу:
Елімізде 3,5 мың ауылдың әлеуеті жоғары
Фото: Артём Чурсинов - архив

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы басым тәртіппен жүзеге асырылып жатыр. Бұл жайында Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда республикада 6 295 ауылдық елді мекен бар, онда 7,5 млн ауыл тұрғындары немесе 38%-ы тұрады.

Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктеліп алынды. Онда ауыл тұрғындарының 93%-ы тұрады. Қазіргі уақытта ауылдардың инфрақұрылымын дамыту «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде басым тәртіппен жүзеге асырылуда, – деді Ұлттық экономика министрі.

Министрдің мәлімдеуінше, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылды.

Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 334 объектіні, 1200 әлеуметтік нысандар мен 2 мыңнан астам көлік инфрақұрылым объектілерін салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Осы жылы жалпы 218,2 млрд теңге 771 ауылдық елді мекенде 1800 жобаны іске асыру үшін бөлінді.
Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 244 жоба, 383 әлеуметтік нысан, және ауылішілік жолдарды жақсарту бойынша 1 200 жоба іске асырылуда, – деді Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы