Елімізде 34 мектеп лицензиясыз білім берген

12 Қаңтар 2023, 10:36
2199
Бөлісу:
Елімізде 34 мектеп лицензиясыз білім берген

Елімізде 34 мектепке  лицензиясыз білім бергені  үшін айыппұл салынған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылы мемлекеттік аттестаттау рәсімі 2 363 ұйымда өткізілді, оның 77%-ы алғашқы реттік, атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Ұлытау, Ақмола, БҚО, Қарағанды, Түркістан және Алматы облыстары аттестаттациядан өтпеді. Мектептер мен колледждерді лицензиялау кезінде көптеген мәселе туындайды. Мәселе-құжаттарды дұрыс ресімдемеу. 34 мектепке сот органдары лицензиясыз білім беру қызметі үшін айыппұл салды. Лицензиясыз бірде-бір мектеп жұмыс істемеуі керек, - деді Ғани Бейсембаев.

Министр атап өткендей, 2022 жылы еліміздегі мектептердің 25%-ын құрайтын 4 және 9-сынып оқушыларынан құралған 105 мың адамға білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді.

ОБМЖ сауаттылықтың үш бағыты бойынша тестілеуді қамтыды, дәлірек, оқу, математикалық және жаратылыстану. Оқушылардың біліміне мониторинг жүргізу  қорытындылары білім беру сапасының көрсеткіштерін арттыру мәселелерінде кешенді тәсілдің қажеттілігін айғақтайды. Мектептерге арналған PISA зерттеуіне оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша 1 000 мектеп қатысты, - деп толықтырды ол.

Министр алқа отырысында атағандай, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында қатысушы мектептер өздерінің даму жоспарларын әзірлеу үшін ЭЫДҰ-дан талдамалық есептер алады.

Өзгелердің жаңалығы