Елімізде 29 жасқа дейінгі 200 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр

22 Ақпан 2023, 12:48
1378
Бөлісу:
Елімізде 29 жасқа дейінгі 200 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр
Фото: qazqstan.tv

Бұл туралы Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Айжан Жапалбаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, жұмыс істемейтін, оқымайтын санат саналатын NEET жастарға қатысты ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ұсынады. Ал соңғы тоқсандағы дерек әлі белгісіз. 

4-тоқсанның (былтырғы жылдың – ред.) қорытындысы бойынша NEET жастар санатына кіретін азаматтардың саны 210 мыңды құрап отыр. Бұл 29 жасқа дейінгі жастардың есебі. Жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылғандықтан бұл есеп қайта қаралады. Биылғы жаңартылған ақпарат наурыз айының соңына таман ресми түрде шығады. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызға тең, - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары Айжан Жапалбаева. 

Сондай-ақ БАҚ өкілдері екі қолға бір күрек таппай, жұмыссыз жүрген жастардың арасында заң бұзушылық жиіледі деген ақпаратқа қатысты министрлік өкілдеріне сұрақ қойған болатын. 

Бізде оған қатысты нақты ақпарат жоқ. Оған Ішкі істер министрлігі жауап береді, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев брифинг барысында тілшілердің сұрағына берген жауабында. 

Өзгелердің жаңалығы