Елімізде 2000-ға жуық мектепте мүлдем спортзал жоқ - министр

19 Желтоқсан 2019, 10:52
8133
Бөлісу:
Елімізде 2000-ға жуық мектепте мүлдем спортзал жоқ - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылы мектептерде орын тапшылығы 500 мыңға жуық орынды құрайды деп болжанып отыр. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында аталған проблеманы шешу үшін мемлекет және жеке меншік тарапынан мектептер салынатынын айтты. 

Атап айтқанда 650 мыңнан астам орынға 800 жаңа мектепті мемлекеттік бюджет тарапынан және жеке инвестиция тарту арқылы салу жоспарланды. Оған 876 млрд теңге бөлінеді. Нәтижесінде үшауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесі шешіліп, апатты мектептер саны азаяды, - деді Білім және ғылым министрі.

Аймағамбетов ауыл мектептерін қолдау бойынша "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасымен байланыстырып ауылдағы тірек мектептер үшін 114 интернат салуға 53 млрд теңге бөлу жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ, 150 астам оқушысы бар мектептерде спортзалдар салынады.

Бүгінде елімізде 1879 мектепте мүлдем спортзал жоқ. Осыған орай оқушы саны 150 асатын барлық мектепте спортзалдар салынады. Осы мақсатты 724 спортзал салуға 80 млрд теңге бөлінді. Жаңа бағдаралмада барлық мектептерді заманауи STEAM, физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен толық қамтамасыз етуге – 100 млрд теңге, пәндік кабинеттерді 100% компьютерлермен қамтуға 50 млрд теңге бөлінеді. Бұл мәселелер жылдар бойы шешілмей келгенін атап өткім келеді. Бұл шын мәнінде білім саласы үшін жақсы жаңалық, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы