Елімізде 18,3 млн гектар орман алқабы бар – депутат

9 Ақпан 2022, 19:08
1973
Бөлісу:
Елімізде 18,3 млн гектар орман алқабы бар – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Аманғали Бердалин елдегі орман алқаптарына қатысты мәселені көтеріп, Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолады.

Оның сөзінше, ел аумағының орман жамылғысын ұлғайту жобалық материалдарды зерделеу мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарын ұлғайту мәселелерінің барлығы бірдей толықтай көрініс таппағанын көрсетеді. Бұл, бірінші кезекте мемлекеттік орман қорының құрамына кіретін «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазавтожол» ҰК» АҚ қарамағындағы халықаралық және республикалық маңызы бар темір жол және автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш ормандарына қатысты. 

Талдау нәтижесі көрсеткендей, қорғаныш орман екпелері кеңестік кезеңде, яғни шамамен 40-50 жыл бұрын отырғызылған, соның салдарынан олар қорғаныш функцияларын жоғалтып, көптеген екпелер әлсіреген күйге түскен, жер-жерде сарқылған, қураған ағаштар көп кездеседі, бұл ретте көп жылдар бойы осы екпелерге реконструкциялау жүргізілмегендіктен, олардың түрі жұпыны. Орман шаруашылығы саласындағы білікті кадрлары жоқ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бөлімшелері орман шаруашылығы және орман өсіру жұмыстарын жүргізбейді, тек іс жүзінде өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және минералдандырылған жолақтардың құрылысын бақылайды, - деді депутат.

Бердалиннің сөзінше, Мемлекеттік орман қоры (МОҚ) жерлерін ұтымды пайдалану және МОҚ-ға кірмейтін орман ресурстарына ұқыпты қарау да маңызды мәселе. Қазіргі уақытта МОҚ жерінің жалпы ауданы шамамен 30 млн га құрайды, бұл ретте орман алқаптары бар болғаны 18,3 млн га, ал ормансыз алқаптар, оның ішінде егістіктер, шабындықтар, жайылымдар және өзге де алқаптар 11,2 млн га құрайды. 

Мемлекеттік орман қоры жерлерінің қалыптасқан құрылымы өткен ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды, сол кезде орман шаруашылығы мекемелері (орман шаруашылықтары) көп салалы болған және көбінесе ауылшаруашылық дақылдары мен мал шаруашылығымен айналысқан. Қазіргі уақытта ормансыз алқаптар дұрыс пайдаланылмайды, ал шабындықтар мен жайылымдарды пайдаланғаны үшін төлемақыдан облыстық бюджеттерге түсетін түсімдер тым аз және бұл жерлердің бір бөлігі жасырын түрде пайдаланылады деп болжауға негіз бар, - деп айтты депутат.

Оның келтірген мәліметіне сәйкес елімізде жүздеген мың гектар табиғи және жасанды орман екпелері бар, олар еш жерде ескерілмеген, ешкімнің атына бекітп берілмеген және тиісінше МОҚ құрамына енгізілмеген. Мәселен, Ақтөбе облысында мемлекеттік орман қоры аумағынан тыс жерде 70 мың гектардан астам орман екпелері өсетіні анықталса, облыстың 7 орман шаруашылығы 45 мың гектар ғана орман алқабы бекітілген. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бірнеше мәселені көтерді.

1.       «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазавтожол» ҰК» АҚ бөлімшелеріне тиісті қаржы қаражатын бөле отырып, қорғаныш орман екпелерін реконструкциялау және молықтыру арқылы көлік коммуникацияларына іргелес аумақтарды абаттандыруға қатысуын міндеттеу;

2.       Қолда бар орман алқаптарын қорғау және жерді мақсатты пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында орман қоры жерлерінің пайдаланылмайтын ормансыз жерлерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге беру мүмкіндігін қарастыру;

3. Уәкілетті органға елдің аумағында жердің басқа санаттарындағы жерлерде орналасқан табиғи және жасанды түрде отырғызылған екпелер өсетін маңызды учаскелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуді, оларды кейіннен мемлекеттік орман қорының құрамына енгізуді тапсыру. 

Өзгелердің жаңалығы