Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

9 Ақпан 2022, 19:00
2154
Бөлісу:
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста алдағы көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша  белсенді дайындық жұмыстары жалғасуда. Кешенді жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмылдырылған, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Төтенше жағдайлар департаменті атап өткендей, су тасқынына дайындық жазғы кезеңде басталған.

Өңірлердің әкімдіктері 53 елді мекенде 2,8 км су бұру арналарын жайластыру, кеңейту және тереңдету, 22 км өзен арналарын тазарту, 27,2 км су бұру каналын тазарту, қолда бар үйінділерін нығайту, тұрғызу және ұлғайту, 10,6 км бөгеттерді жөндеу, сондай - ақ 21 су өткізу имаратын жайластыру жұмыстарын жүргізді, – деп атап өтті ведомство бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Бұдан басқа, су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешенін орындау шеңберінде Целиноград ауданында Жабай, Колутон, Чаглинка өзендері арналарының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу және Атбасар ауданында қорғау бөгеттерін салу бойынша іс-шаралар көзделген.

Айта кетейік, көп жылдық бақылаулар негізінде ақпан, наурыз және сәуір айларында жауын-шашынның айлық нормасы тәулікте түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында ведомстволық бағынысты бөлімшелердің күштері мен құралдарының 1000 бірліктен астам техника және 2,5 мың адам, сондай-ақ 200 мотопомпа тобы алдын ала дайындалды, Астана, Сілеті және Шағалалы су қоймаларының режимін реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, қызметтер барлық гидротехникалық құрылыстарды бақылайды.

Айта кетейік, Ақмола облысының аумағында тасқын және еріген қар су басуы мүмкін аймақтарда бірқатар елді мекендер бар.

 

 

Өзгелердің жаңалығы