Еліміз Токио бағытында әуе рейстерін жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр

30 Қаңтар 2023, 13:25
729
Бөлісу:
Еліміз Токио бағытында әуе рейстерін жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, еліміз Жапониямен Токио бағытындағы әуе рейстерін жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Сыртқы істер министрлігі біздің елшілік арқылы рейстерді жаңғырту немесе жаңа бағыттарды ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Әрине, біз мұндай танымал бағыттарды жаңартуға қызығушылық танытып отырмыз. Өкінішке қарай, нақты айта алмаймын. Өйткені Жапония тарапымен келіссөздер әлі аяқталған жоқ, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Айтуынша, коронавирус инфекциясы салдарынан орын алған пандемияға байланысты көптеген мемлекеттің жоспары кейінге шегерілген. Сондықтан қазіргі таңда бұрынғыны қайта жаңғырту немесе бұған дейін басталған келіссөздерді жалғастыру маңызды. 

Өзгелердің жаңалығы