Елге 337 жолаушы анықтамасыз келген

20 Ақпан 2021, 12:00
1288
Бөлісу:
Елге 337 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 761 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 424 адам, анықтамасыз 337 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 608 жолаушы, анықтамамен - 1 354, анықтамасыз - 254;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 106 жолаушы, анықтамамен - 1 023; анықтамасыз - 83;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 18 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 451 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы