Электрондық еңбек биржасында 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

12 Наурыз 2020, 18:50
1543
Бөлісу:
Электрондық еңбек биржасында 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың жұмыспен қамту орталығы "Электрондық еңбек биржасы" интернет-порталы арқылы бос жұмыс орындарын толықтыру, ізденушілерге жұмыс орнын қарастыру бойынша жұмыс берушілермен бірлесе қызмет етеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Электрондық еңбек биржасы жұмысқа орналастыру үдерісін жеңілдету үшін жұмыс істейді, онда ізденуші онлайн тіркеліп, өз түйіндемесін орналастыра алады. 

Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні www.enbek.kz порталында 5 491 бос жұмыс орны орналастырылды, оның ішінде 443 бос жұмыс орны икемді кестелі. Жұмыс берушілер арасында www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында дәрігер, жүргізуші, инженер, тәрбиеші, кассир, медбике секілді мамандықтар сұранысқа ие.

Ал ізденушілер арасында күзетші, заңгер, үнемдеуші, есепші, іс-жүргізуші мамандықтары жиі қаралады. Жұмыспен қамту орталығына жүгіну үшін жұмыс іздеуші тұлға ЭЦҚ арқылы тіркеуден өтуі қажет. Өтініш білдіргеннен кейін, азаматтың қолданыстағы бағдарламалар, жұмысқа орналастыру нұсқамалары немесе кәсіптік білім алу туралы тегін кеңес алуға мүмкіндігі бар. 

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша "Өркен" ІО орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.


Өзгелердің жаңалығы