Электр қуаты нарығындағы инвестиция шегі 100 млрд теңгеге ұлғайтылады

21 Қазан 2022, 16:06
1318
Бөлісу:
Электр қуаты нарығындағы инвестиция шегі 100 млрд теңгеге ұлғайтылады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз  мәслихатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін кем дегенде 15%-ға қысқарту керек. 

Өндіруші қуаттардың тозуын 15%-ға төмендету мақсатында 2035 жылға қарай жыл сайынғы инвестицияларды 3 есеге ұлғайта отырып, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» атты генерациялау секторындағы өзекті тарифтік саясатқа көшу шеңберінде тариф белгілеу тәсілдерін трансформациялау талап етіледі. Жаңартылған модельдің маңызды бөлігі – қолданыстағы қолдау тетіктерін және нарық тарапынан кері міндеттемелерді күшейту. Бұл жаңашылдық технологиялық, экологиялық және басқарушылық салалардағы әлемдік трендтерді ескере отырып, саланы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын айқындауға мүмкіндік беретін, министрлік әзірлеп жатқан Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасымен қатар жүретін болады, - деп түсіндірді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр электр қуаты нарығындағы инвестицияға тоқталып өтті. 

Бүгінгі таңда электр қуаты нарығы шеңберінде салаға салынған инвестицияларды қайтаруға жұмсалатын қаражат көлеміне шектеу белгіленді. Қазіргі уақытта лимит 32 млрд теңге деңгейінде, министрлік бұл лимитті 100 млрд теңгеге ұлғайту мәселесін пысықтап жатыр. Бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларын қосымша жаңғырту және кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвестициялар ағынын қамтамасыз ету мақсатында электр қуаты нарығындағы қолданыстағы тарифті айына 1 МВт үшін қазіргі 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін ұлғайту керек. Бұл жылына қосымша 35 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді, - деді Болат Ақшолақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрі елдегі электр энергиясының тапшылығына не себеп болғанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы