"Елдің алтын қоры" жойылды деген ақпарат жалған

8 Қаңтар 2022, 14:53
1956
Бөлісу:
"Елдің алтын қоры" жойылды деген ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық телеарналардың бірінде "Елдің алтын қоры" жойылды деген хабар тарады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясынан алынған ақпарат бойынша, Алматы қаласындағы филиал ғимаратында сақталған киноматериалдарға шығын келген.

Бұл ретте бұрын "Қазақстан" РТРК 2017 жылдан 2021 жылға дейін кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатына (ҚР МСМ ведомстволық бағынысты ұйымы) сақтауға берген киноның "Алтын қорының" 500-ге жуық сақтау бірлігі бар елеулі бөлігі бүтін және сақталған, - делінген хабарламада.

Атап өтейік, КФДЖҚ кино қоры 4 698 деректі фильмді құрайды, оның ішінде "Қазақтелефильм" студиясының 1000-ға жуық кинолентасы және 504 көркем фильм. Жалпы архивте, Ұлттық архив қорының құрамында 209 289 бірлік кино-фото-фоноқұжат бар, олар толық сақтаулы.

Өзгелердің жаңалығы