Елдегі ауыл халқы көбінесе қандай ауруға ұшырайтыны белгілі болды

22 Қараша 2022, 10:20
847
Бөлісу:
Елдегі ауыл халқы көбінесе қандай ауруға ұшырайтыны белгілі болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ведомство басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың алдында ауылдағы медицина туралы баяндады.  

Бүгінде ауылда шамамен 8 млн адам тұрады, бұл ел халқының 41  пайызын құрайды. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Жалпы медициналық-демографиялық жағдай елімізде тұрақты. Ресми статистика бойынша халықтың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім 28,5 пайызға төмендеді. Ауыл халқы денсаулығының талдауы бірінші орында 42,7 пайыз тыныс алу ағзаларының, ал 9 пайыз ас қорыту ағзаларының ауруларынан зардап шегетінін көрсетеді, - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар ол ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау саласының қызметкерлері санын атады. 

Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды, келген әрбір дәрігерге 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді, ал кейбір әкімдіктер, мәселен Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында үш-бес млн-ға дейін бөледі, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы