Шығыста су тасқыны жағдайы тұрақталды

4 Мамыр 2024, 10:44
204
Бөлісу:
Шығыста су тасқыны жағдайы тұрақталды
Фото: Видеодан кадр

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталғанын айтты.

Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1 335 тонна инертті материал төгілді, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды. Жалпы, облыстың өзендеріндегі су деңгейі сыни белгіден аспайды, - деді ол.

Ал Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы 5 күнде Құлсары қаласында 176 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 180 үйден су сору жұмыстары жүргізілуде, - деді ТЖМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы